-6.1 C
Almaty
Жұма, Қаңтар 27, 2023

Сәбит Мұқанов Алаш зиялылары айтылғанда қуанғаны рас па?

Алаштанушы Сұлтан-хан Аққұлы қазақ зиялылары арасындағы қарым-қатынасқа...

Жамбыл Ахметбеков ҚХП-дан шығып кетті

  Мәжіліс сайлауы алдында Қазақстан халық партиясының ішіндегі...

Әбілдаевпен көрші елдің арнайы қызметі айналысқанға ұқсайды – Қ.Иса

Экс-депутат, «Ақ жол» партиясының мүшесі Қазыбек Иса...

Марғұлан Сейсенбаев Жолдауға күдікпен қарайды

Белгілі кәсіпкер, қаржыгер Марғұлан Сейсембай президент Тоқаевтың Жолдауына қатысты пікір білдірді деп хабарлайды www.alash.kz.

Жалпы жолдау жақсы, бірақ кейбір ұнамаған тұстары бар…

Біріншіден, бұрынғы билік, олардың жемқорлығы мен капиталдары жайлы бірде-бір сөз айтылмады. Тоқаев бұрынғы билік пен оның маңындағыларға барлық ұрлағанымен кетуге мүмкіндік берген сияқты.
Егер бұрынғы жемқорлар тып-тыныш ұрлаған ақшасымен шетелде демалып жүрсе әділетті Қазақстанға сену қиын екен.

Меніңше, әділеттілікті қалпына келтіріп, бұрынғы билікке баға беру керек деп есептеймін.

Екіншіден, өкілеттілік мерзімін 7 жылға ұзарта отырып, кезектен тыс президент сайлауын өткізу дегеніміз бұл іс жүзінде өз өкілеттігін 2029 жылға дейін ұзарту.

Тоқаевтың 2019 жылы билікке келгенін ескерсек, ол кем дегенде 10 жыл билікте отырады деген сөз. Ал бұл әрине белгілі бір қауіп туғызады.

Үшіншіден, еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту жайында ештеңе айтылмады.

Қорытындыласақ:

1. Биліктің сабақтастығы жақсы, ал жемқорлықтың сабақтастығы жақсы емес.
2. Конституцияны ойыншық қылу жалғасуда және ол 7 жылдық өкілеттілікпен біте ме, жоқ па белгісіз.
3. Өз әскерінің жағдайын жасағысы келмейтіндер басқа біреудің әскерін тойдырады.
4. Дегенмен, бұл сәл де болса алға жылжу. Бұл өмірде бәрі мінсіз бола бермейді.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар