-4.1 C
Almaty
Сейсенбі, Ақпан 7, 2023

Түркия. Жер сілкініп, 500-дей адам қайтыс болды

ТҮРКИЯДА АЛАПАТ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 300-ДЕЙ АДАМ...

Израильде 60 мыңға жуық адам билік реформасына қарсы бас көтерді

  Кеше Израильде президент Биньямин Нетаньяхудың реформаларына наразы...

Маңғыстауда жол үстінде болған жанжал адам өлімімен аяқталды

Маңғыстауда жол бермегені үшін ашуға булыққан көлік жүргізушілері бір-бірімен жанжалдасып, артынша бірі екіншісін ұрып өлтірген, – деп хабарлайды «Лада».

Оқиға 22 шілдеде сағат 20:15 шамасында Мұнайлы ауданының Жаңа Дәулет кентінде болған.

Маңғыстаудағы облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 35 жастағы күдікті 67 жастағы ер адамды дене жарақатымен жол жиегіне тастап кеткен.

«Алдын ала болжам бойынша, екі жүргізуші бір-біріне жол бермей, араларында жанжал туындаған. Күдікті эмоцияға бой алдырып, көліктен шығып, 67 жастағы жүргізушіні ұрып-соққан. Алған жарақаттарынан кейін жәбірленуші сол жерде қайтыс болды. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды», – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазір күдіктіге қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Тергеу амалдары әлі жалғасып жатыр.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар