-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Лукашенко: Украина басып кірсе, Беларусь Ресей сияқты әрекет етеді

Беларусьтің авторитар басшысы Александр Лукашенко (сайлау нәтижесін бұрмалады деп айыптаған АҚШ пен Еуропа одағы оны президент қызметінде заңсыз отыр деп біледі), егер Украина әскері Донбастағы сепаратистерге шабуыл жасайтын болса, онда Беларусь әскері «дәл Ресей әскері сияқты әрекет етеді» деп мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық жазды.

Ресейлік тележүргізуші Владимир Соловьёвтің «яғни бұл (әрекет) бірлесіп жасала ма?» деген сұрағына Лукашеноко «әрине» деп жауап берді. Ол, Беларусь Украинаға қарсы Ресеймен бірге соғысады деп нақты айтқан жоқ, дегенмен, сөзінен сондай емеурін аңғаруға болады.

Ресей әскерінің Беларусьте Украинамен шекара маңына орналасуы бекер емесін меңзеген Лукашенко «Біз не, оңтүстік шекарада еріккеннен жүр дейсіздер ме?»деді.

Ресми Минск пен Мәскеу, әскерилер ақпанның оны мен жиырмасы аралығында өтетін бірлескен әскери жаттығуға қатысу үшін жиналып жатқанын хабарлаған.

Киев 2020 жылы Минскідегі азаматтардың бейбіт наразылық акциясын күшпен басқан Лукашенко режимін сынағаннан кейін Беларусь пен Украина қарым-қатынас нашарлаған.

АҚШ былтыр күзден бері Украинамен шекарада әскерін көбейткен Ресей көрші елге басып кіруі мүмкін деп қауіптенеді. Мәскеу болса шабуыл жоспары жоғын айтады. Батыс елдері Ресей Украинаға басып кірсе, санкция салатынын қатаң ескерткен.

Владимир Соловьёвке берген сұхбатында Лукашенко, 15 жылдан кейін Украина да, Қазақстан да Ресей мен Беларусь секілді бір одақтың құрамына кіре алатыны жайлы да айтқан.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар