-2.1 C
Almaty
Жұма, Ақпан 3, 2023

Шығысқазақстандықтардың денсаулығына қауіп төніп тұр

  Шығыс Қазақстан облысында экологиялық жағдай күрделене түсті....

Болат Назарбаев байлығынан айырылып жатыр

"Жаңа Қазақстан" 🤜 "Ескі Қазақстан": Болат Назарбаев...

Литва Ресейдің мұнайы мен газы және электр тәуелділігінен құтылды

Литва 22 мамырдан бастап Ресейден электр энергиясын иморттауды тоқтатты. Бұл жөнінде Литва электр энергиясының операторы Litgrid хабарлады.

Литва Балтық жағалауы елдерінің арасында Ресей электр энергиясын сатып алудан бас тартқан соңғы, ал Ресей мұнайы мен газынан және электр энергиясынан толық бас тартқан алғашқы ел болды.

Litgrid хабарына қарағанда, Литва мұнан былай өзі өндірген және Швеция, Польша мен Латвиядан импорттаған электр энергиясын пайдаланады. «Аталған елдер өткен жылы Литваға керекті электр энергияның 80 пайызын беріп келген еді» деп хабарлайды DW.

Литва Ресей қуат көздеріне тәуелділіктен толық арылғанын «аса маңызды белес» және «Ресеймен соғысып жатқан Украинаны қолдау» деп бағалады. Литва энергетика министрі Дайнюс Крейвистің «Ақшамыздың Ресейдің әскерін күшейтуге жұмсалғанын қаламаймыз» деген сөзін Delfi жаңалықтар порталы таратты.

Литва «жасыл» энергетика есебінен келешекте электр энгергиясын экспорттаушы елге айналғысы келеді.

Ресей Украинаға басып кірген соң Еуропа одағы салған санкциялар арасында Ресейден көмір импорттауға болмайтыны да көрсетілген. Қазір санкцияның алтыншы пакеті қарастырылып жатыр. Бұл санкцияда Ресей мұнайына эмбарго салу мәселесі қарастырылуы мүмкін. Әзірге оған Ресей мұнайына тәуелді Венгрия кедергі болып отыр.

Дереккөз

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар