13 C
Almaty
Дүйсенбі, Наурыз 27, 2023

ҚазҰУ – әмбебап ғылым ордасы!

Қарлығаш Борбасова филос.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ дінтану...

АЭС салып, энергетикалық тапшылықтың алдын алу керек, басқа жол жоқ! 

Атом энергетикасы саласының мамандары бүгінде Қазақстан халқына...

Халық банктің табысы не үшін Құлыбаевтарды көгертеді?

Халық банкінің конгламераты 2022 жылдың аудиттелген шоғырланған...

Ләйлә Сұлтанқызының күйеуінің бірінші әйелі жоқтау жазды

Танымал тележурналист Ләйлә Сұлтанқызының жолдасы, белгілі кәсіпкер Қайрат Беркінбаев кеше бақилық болған еді. Қайғылы қазадан кейін марқұмның бірінші әйелі әлеуметтік желіде бұрынғы күйеуіне арнап жан тебірентерлік жазба жариялады.

Қайрат Беркінбаевтың экс-жұбайы Меруерт Беркінбаева әлеуметтік желіде белсенді. Instagram-да 28 мыңнан астам оқырманы бар әйел өмірінің бақытты сәттерін жеке парақшасына жүктеп отырады. Бұл жолы ол балаларының әкесін еске алып, өлең жолдарын жазыпты.

«Қиналып арқа сүйерім,

Жердегі мықты тірегім.

Кеткенің бе, жаным,

Сенсіз қалай жүремін?

Асылдардың бірі едің,

Көзімнің аппақ нұры едің.

Iздемей сені, асылым,

Шыдар ма екен жүрегім?

Сене алар емеспiн…

Мәңгілік жүрегімдесің»,

Танымал кәсіпкердің бұрынғы әйелі жариялаған бұл постқа желідегі жұрт көңіл айтып, қайғысына ортақ екенін жазып жатыр.

Айта кетейік, 57 жастағы Қайрат Беркінбаев Президент Іс Басқармасының медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ президенті болып қызмет атқарған. Марқұм III дәрежелі «Барыс» мемлекеттік орденінің иегері.

Мақалаға жақын контент

Check out other tags:

Көп оқылған жазбалар