Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Зорлықпен өлтіру”. Қайғылы хабар: Ақтауда із-түссіз жоғалып кеткен 33 жастағы ер адам өлі күйінде табылды

15:19, 09 желтоқсан 2025

Ақтауда із-түссіз жоғалып кеткен 33 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Іздеу шаралары барысында ер адамның денесі табылып, мәйіттен зорлықпен өлтіру белгілері анықталды. 

Маңғыстау облысы полиция департаментінің. мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала болжамға сәйкес, қылмыс тұрмыстық жанжал негізінде жасалған болуы мүмкін.

«Күдіктілердің жеке тұлғалары анықталды. Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сағындық Аяғанов оқиға орнына өзі барып, тергеу барысын ерекше бақылауға алды. Қазіргі уақытта оларды ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары кешенді жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар