Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Зорлық-зомбылық белгілері жоқ»: Өскеменде сауда үйінің алдында әйел адам қайтыс болды

21:23, 05 маусым 2026

Өскемен қаласының Жаңа Согра шағын ауданында орналасқан сауда үйлерінің бірінде жас әйел адам кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Қайғылы оқиға Шаяхметов көшесіндегі сауда нысанының кіреберіс баспалдағында тіркелген. Оқиға орнына шақыртумен шұғыл жеткен жедел жәрдем дәрігерлері зардап шегушіні құтқарып үлгере алмады.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары осы оқиғаға байланысты тиісті тексеру амалдарын бастады. Полиция департаментінің мәліметінше, марқұмның денесін алғашқы қарау барысында ешқандай зорлық-зомбылықпен өлім белгілері табылған жоқ. Оқыс жағдайдың нақты себептері мен мән-жайы толықтай анықталып жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар