Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зорлық-зомбылық: 342 баланы асырап алған отбасылар оларды аса ауыр жағдайда ұстаған

17:04, 10 ақпан 2025 268

Елімізде 342 баланы асырап алған отбасылар оларды аса ауар жағдайда ұстаған, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеп.

Бұл туралы еліміздің Бас прокуроры Берік Асылов мәлім еткен. Оның мәліметіне сүйенсек, 2023 жылдан бастап Бас прокуратураның бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде балалардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылық фактілерін анықтауға және уақтылы көмек көрсетуге бағытталған екі жоба жұмыс істеп келеді.

«Соның бірі – «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасы аясында прокурорлар балаларға қатысты қауіп немесе зорлық-зомбылық фактілерін анықтау үшін 63 мыңнан астам отбасыны аралаған. Бала асырап алған, оларды қамқорлығына алған адамдарға қатысты 93 тергеу басталған. 11 мың ата-ана мен заңды өкіл бала тәрбиелеудегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 342 бала аса ауыр жағдайға тап болғандықтан, мемлекеттің қамқорлығына алынды», - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар