Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Зорлық көрсетті: 100 баласы бар Павел Дуров әкелік құқығынан айырылды

16:27, 29 тамыз 2024 425

Павел Дуров әкелік құқығынан айырылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Әйел бұл жөнінде өзінің Instagram парақшасында жария етті.

"Балалар мен ересектерді қорғау трибуналы Женеваның қорғаншылық органдары жүргізген тергеуді бастады. Осылайша Дуровты үш балаға қатысты ата-аналық құқығынан айыру туралы шешім қабылдады", – деді Дуровтың құрбысы.

Stan.kz сайтының мәліметіне сүйенер болсақ, Болгардың айтуынша, 2022 жылдың соңында кәсіпкер оған балаларымен бірге БАӘ-ге көшуге мәжбүрлеу үшін шарт қойған. Ол Дуровтың оның банк карталарына қол жеткізуіне тыйым салғанын, сонымен қатар медицина, білім және жол жүру шығындарын төлеуді тоқтатқанын түсіндірді.

"Мен өз құқықтарым мен балаларымның құқықтарын заң саласында қорғайтынымды айтқан кезде, ол біздің еуропалық иммиграциялық құжаттарымызды жаңарту және жаңа құжаттарды беру туралы келісімге қол қоюдан бас тартты. Әрине, бізге Еуропада қалуға мүмкіндік бермеу үшін істеді", – деп жазды Болгар. 

Павел Дуров үш баласының анасы Ирина Болгар Швейцария сотына шағымданғаннан кейін ата-ана құқығынан айырылды.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар