Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күнін мерекелеу қарсаңында Ташкент қаласының Бектемір ауданындағы «Абай» махалласында ұлы қазақ ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының бюстін салтанатты түрде ашу рәсімі өтті, деп хабарлайды Alash.kz.
Қазақстанның Өзбекстандағы елшілігінің мәліметінше, салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің, Қазақ ұлттық мәдени орталығының, Ташкент қаласы әкімдігі өкілдерінің және Өзбекстан махаллалары қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.
Қазақстан мен Өзбекстанды ортақ тарих, мәдени жақындық, ғасырлар бойғы бауырластық және өзара құрмет байланыстырады. Аталған оқиға Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достықтың, өзара сыйластық пен рухани үндестіктің жарқын көріністерінің бірі болды. Абай мұрасы осы рухани байланыстың берік негіздерінің біріне айнала алады.
Осылайша, Абай бюстінің салтанатты ашылуы Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар легінің бастамасы болды.
Ташкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы көшеде Абай есімін ұлықтап, оның бюстін орнату – қазақ мәдениетінің көрнекті тұлғасына көрсетілген зор құрметтің белгісі әрі екі бауырлас халықтың тарихи тамырларының, мәдени дәстүрлері мен рухани құндылықтарының ортақтығын айғақтайды.
Зор құрмет: Ташкентте Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды
11:30, 18 қазан 2026
ҚР Өзбекстандағы елшілігі
Соңғы жаңалықтар
"7 мың шақырымды еңсерген". Меккеге велосипед мініп барған оралдық қария елге оралды
17:53, 17 қазан 2026