Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын бөлісті, деп жазады Alash.kz.
Өнер иесінің әкесі, белгілі әнші Қанат Айтбаев “Парасат” орденімен марапатталды.
“Құрметті ағайын, бүгін ағатайым президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының жарлығымен “Парасат” орденінің иегері атанды. Бұл марапат – оның көп жылғы қажырлы еңбегінің, өз ісіне деген адалдығының және қазақ мәдениетін әлемге таныту жолындағы зор еңбегінің лайықты бағасы.
Ол жылдар бойы қазақ халқының бай мәдени мұрасын, өнері мен рухани құндылықтарын халықаралық деңгейде насихаттауға аянбай еңбек етті. Оның елге деген сүйіспеншілігі, еңбекқорлығы, даналығы мен ұстанымдары әрдайым маған үлгі болып келеді.
Ағатайыма зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығын және ел игілігі жолындағы еңбегіне толағай табыс тілеймін”,- деп жазды Димаш Құдайберген.