Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Зиялы қауым болмайтын әңгімені айтып, шулап жүр. Оның керегі жоқ»: Асқар Жұмаділдаев тың пікір айтты (ВИДЕО)

12:27, 27 ақпан 2026

ҚР ҰҒА Академигі, белгілі математик Асқар Жұмаділдаев қоғамдағы кейбір мәселелердің орынсыз көтерілетіні туралы өз пікірін айтты, деп жазады Alash.kz.

Біздің зиялы қауым бостан-босқа болмайтын әңгімені айтып, проблеманы көтеріп, шулап жүр. Оның керегі жоқ. Сіз шынымен де тіл жанашыры болсаңыз… Өтірік жанашыр емес, шын жанашыр болсаңыз, жасанды интеллектке кіріңіз сұрақ беріңіз. Сол жауабын тексеріңіз. Қатесі болса, түзеңіз. Сонда машина үйренеді. Үйде жатып алып, жұрттың бәрін «Ой, анау дүкенде біреу орысша айтып қойыпты. Бәленбай-түгенбай депті» дегендер қыртымбай әңгіме. Дүниеде 100 мың дүкен бар. 100 мың кафе бар. Онда миллион адам жұмыс істейді. Сол миллионның ішінен бір «ақымақ» (видеода ориг. «дурак») шықпай ма? Бір «ақымақпен» кездесіп қалып, «ақымақ» болып жүресің бе? Ондай әңгімені қою керек.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар