Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Заңсыз интернет-казино ұйымдастырған”: Қазақстандық танымал блогерге іздеу жарияланды

13:17, 24 наурыз 2026

Қазақстандық танымал блогер Ильяр Ювашевқа іздеу жарияланды, деп жазады Alash.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, ҚМА-ның Астана қаласы бойынша департаменті 1998 жылғы 23 маусымда туған Қазақстан азаматы, andersonchik1 лақап атымен танымал блогер Ювашев Ильяр Салаватовичке мемлекетаралық іздеу жариялаған.

"Ол еліміз аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді.

Тергеу деректеріне сәйкес, И.С. Ювашев 2024-2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан, оның ішінде mellstroy.gamе ресурсы да бар.

Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен", - делінген хабарламада.

Агенттік іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарлауды сұрайды:

  • +7 7172 70 84 79 (іш.21384) – кезекші бөлім;
  • Call-орталық: 1458.

Ақпарат берген тұлғаларға сыйақы қарастырылған, құпиялық сақталады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар