Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Заңға кез келген орындаушы немесе сатушы бірінші кезекте қазақша қызмет көрсетуге міндетті" деп жазу керек" - Ринат Зайытов

14:29, 04 қыркүйек 2024 723

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасын сынға алып, заңнамада қазақ тілінің мәртебесі нақты айқындалмағанын хабарлап, тіл тағдырының өзі даулы мәселеге айналғанын айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы  ulysmedia.kz порталына сілтеп. 

– Бізде қоғамдағы ең үлкен проблема – тілдің айналасында. Заңның маңызын айтып отырсыздар. Әлеуметтік желіден бәріңіз көріп жүрсіздер: тұтынушы келеді де “сен маған неге мемлекеттік тілде қызмет көрсетпейсің?” дейді. Содан дау шығады. Қоғам шулайды. Сондықтан заңда нақты “кез келген орындаушы немесе сатушы бірінші кезекте мемлекеттік тілде қызмет көрсетуге міндетті” деп заңға жазу керек. Бір жерге барғанда мемлекеттік тілім болса да, өзге тілде неге қарсы алады – соған намысым келеді. Бірінші кезекте, мына заңда мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындауымыз керек, – деді Ринат Зайытов.

Бұл сұраққа жауап берген Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев заңнамада мұндай талап барын айтып "ақталды".

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар