Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Заң мақұлданды, енді ақшасы талан-таражыға түсіп кетпей ме?

05:55, 14 сәуір 2022 395
[ad_1]



Мәжіліс сәрсенбі күні "Семей ядролық қауіпсіз аймағы туралы" заң жобасы мен қажетті түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Семей полигонында ядролық қауіпсіз аймақ құруды қарастыратын құжатты депутаттарға энергетика министрі Болат Ақшолақов таныстырды.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, заң жобасының негізгі мақсаты – полигон аумағында "радиацияға ұшыраған және таза жерлерді бөлу, ластанған аумақта радиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аумақты қалпына келтіру, полигон жерін пайдалану мәселесінде мемлекет бақылауын күшейту".

Арнайы аймақ мемлекеттік экологиялық сараптама ластанған деп таныған аумақтан құрылады.

Заң жобасы радиоактивті заттардың тарауын шектеп, Семей ядролық қауіпсіз аймағын "радиоактивті қалдықтарды полигон аумағында жинау, орналастыру және утилизациялау" арқылы қалпына келтіруді қарастырады. Бұған қоса, аумақтың радиоактивті ластану деңгейін бақылап, ядролық сынақтың әсерін жоюды көздейді.

Семей ядролық қауіпсіз аймағын құруға үкімет 2027 жылға дейінгі республикалық бюджеттен 3,5 млрд теңге қаржы бөлуді қарастырып отыр. Заң жобасы аймақтың экологиялық жағдайын жақсартуға да бағытталған дейді құжат авторлары.

Семей полигоны 1991 жылы жабылған. Оған дейін 40 жыл бойы совет билігі кемінде 468 сынақ жүргізіп, ядролық қару сынаған. Полигонға жақын елді мекен тұрғындары әлі күнге дейін радиацияның зардабын тартып отыр. Сәуле балаларына да әсер еткен.



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар