Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Заң және тәртіп»: елордалық оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға арналған жобалар байқауы өтті

16:47, 18 желтоқсан 2025
 

Астананың Сарыарқа ауданында мектеп оқушылары арасында «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «Алғырлар – 2025: идеядан болашаққа» атты оқушылар жобаларының байқауы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Alash.KZ сайты елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқаудың мақсаты – жасөспірімдер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру және құқықбұзушылықтың алдын алу.

«Байқауға ауданымыздағы 33 мектептің оқушылары қатысып отыр. Әр қатысушы өз жобасын видео-эссе форматында ұсынды. Оқушылар мектептегі буллинг пен кибербуллинг, интернет-алаяқтық және кәмелетке толмағандар арасындағы өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды. Жобаларды беделді қазылар алқасы бағалайды. Ең бастысы – бұл жай ғана байқау емес, тиімді әрі тың бастамалар алдағы уақытта тәжірибеде қолданылатын болады», – деді Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Қасымжомарт Бейсенбай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар