Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеп кетті»: Мақпал Жүнісова тосын жайт туралы айтты (ФОТО)

09:18, 10 қараша 2026

Танымал әнші, Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовке аумай ұқсайтын азаматпен кездесіп қалғанын хабарлады, деп хабарлайды Alash.kz.

Өнер иесі бұл күтпеген кездесудің өзіне ерекше әсер еткенін айтып, марқұм жолдасының жас кезін еске алды:

«Зәкеңе ұқсайтын Аман бауырыммен кездесіп қалдым. Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеп кетті», — деп жазды ол.


Желі қолданушылары мен әншінің оқырмандары да видеодағы ер адамның марқұм Заманбек Нұрқаділовке аумастыдай ұқсайтынын айтып, таңғалыстарын жарыса жазуда. Жазба астындағы желі қолданушыларының пікірлері:

 «Шынымен де айнымайды екен, Зәкеңнің жас кезі сияқты. Көргенде жүрек дір етті...»;

«Алланың құдіретінде шек жоқ қой, бір-біріне ұқсас адамдар болады деуші еді. Мақпал апайдың сағынышын қозғап жіберген екен»;

«Аумайды екен! Тіпті Заманбек ағамыздың өзі тіріліп келгендей әсер қалдырды»;

«Мақпал ханымның ішкі сағынышы мен мұңы жүректі тебірентті. Зәкеңдей тұлғаның орны әрдайым бөлек қой, иманды болсын»;

«Тіпті бет-әлпеті, қас-қабағына дейін ұқсас екен! Сізге Зәкеңнің бейнесін елестеткені рас болды».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар