Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Итті тірідей өртеп жіберген айуандарға қатаң жаза берілсін - Тұрғындар митинг жариялады

13:44, 22 маусым 2024 391

Атыраулықтар итті тірідей өртегендерді қатаң жазалауды талап етіп, прокуратура ғимаратына жиналды. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Итті өртеп жібергендерге қатысты Қылмыстық кодекстің 316-бабы 2-бөлігі "Жануарға оның өліміне алып келген қатыгездікпен қарау" бабымен іс қозғалған. Дегенмен зооқорғаушылар бұл баппен келіспейді. Сөздерінше, итті телекоммуникация құралдарын қолдана отырып, алдын ала сөз байласу арқылы өлтірген. Сондықтан іс бұл баптың 3-бөлігі бойынша қозғалуы керек дейді. 

Ал Қылмыстық кодекстің 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес күдіктіге 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы керек. Іс қозғалған 2-бөлігі бойынша айыпталушылар тек 15 тәулікке қамауға алу не айыппұлмен құтылып кетеді.  

"Мұндай қылмыс үшін қатаң жаза тағайындау керек. Мәселе тек итте ғана емес, біз мұны түсуіміз керек. Мәселе тірі жанға жасалған қатігездікте. Кез келген адам осындай жағдайдың құрбаны болуы мүмкін", – деді қала тұрғыны Юлия Ефремова.  

Прокуратура алдына жиналғандар ішке кіріп, істі тыңғылықты тергеуді және кінәлілерді қатаң жазалауды талап ететін ұжымдық хат жазды.

 

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар