Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ирак билігі 9 жасында тұрмыс құруды заңдастырмақшы

15:05, 09 тамыз 2024 523

2017 жылы некеге тұру жасын 9 жасқа дейін төмендететін "Джафари заңы" қабылданбақшы болған. Заңның атауы шиғалық құқықтанушы және джафариттік мазхабтың құқықтық мектебінің негізін қалаушы Джафар ас-Садиктің атымен аталды. Бұл туралы Alash.kz хабарлайды.

Заң жобасын қолдаушылар Ирак Конституциясына сілтеме жасап, исламның дәстүрлері мен қағидаттарына сәйкес әрекет етуге рұқсат етілгенін айтады.

Мұсылмандар пайғамбар Мұхаммедтің 9 жасар Айшаға үйленгенін алға тартады.

Пайғамбардың әрекеті мен сөзі – сүннет, яғни әрбір мұсылман үшін үлгі болып табылады. Сондықтан көптеген мұсылмандар 9 жасар қызды әйелдікке алуға еш кедергі көрмейді. Олар өздерінің бұл қылықтарын ақтау үшін тиісті хадистерді алға тартты:

“Шамамен екі жылдан кейін ол Айшаға үйленді, ол кезде Айша алты жаста еді, ал оған тоғыз жасында барды” (Сахих әл-Бухари, 3896).

“Айша айтты: «Менің некем пайғамбармен алты жасымда қиылды, ал үйлену тойым тоғыз жасымда өтті»” (Сахих Муслим, 1422).

Биыл Ирактың үйлестіру кеңесі жеке мәртебе туралы заңды қайта қарауды ұсынды, ол мұсылмандарға шариғат нормаларына қайшы келмейтін кез келген әрекет жасауға еркіндік береді.

Заңға енгізілетін жаңа өзгерістер кәмелетке толмағандардың некеге тұруын заңдастыруға алып келеді, бұл 1959 жылғы жеке мәртебе туралы бастапқы заңға қайшы келеді. Ескі заң бойынша некеге тұру жасы 18 жастан төмен болмауы керек.

Жоғарыда айтылғандай, Иракта заңнан тыс 8-9 жастағы қыздармен неке қию  бар. Бұл неке соттан тыс және мұсылман дін қызметкерлерінің рұқсатымен жүзеге асады. Өзгерістер қабылданғаннан кейін мұндай некелер заңды болып, қыздарды күйеулерінің зорлық-зомбылығынан ешкім қорғай алмайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар