Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Инвестор декретте отырған аналарға тиісіп, курс сататын блогерлерге шүйлікті (ВИДЕО)

12:05, 16 шілде 2024 493

Инвестор Еркебұлан Әріпбай декреттегі аналарға байланысты маңызды мәселемен бөлісті, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, декреттегі аналарға курс сататын блогерлер тез арада бұл үрдісті доғару керек. 

«Ана болу, декретте отыру - оңай шаруа емес. Курс сату үшін оларға манипуляцияны  жасамайық. Декреттегі аналарға тиісетіндер көп болып кетті. «Декретте түк бітірмей отырсың ба, онда мобилографияны үйрен де, күйеуіңе ақша тауып көмектес, декретте түк бітірмей отырсың ба, Қытаймен бизнес істе» дейді оларға. Мен өзімнің мысалымды айтайын, менің әйелім екі жыл декретте отыр. Екі жылдың ішінде атқарған жұмысы өте қиын. Баланың киімі бар, тамағы бар, оны ойнатады, өсіреді, тәрбиелейді. Түнде төрт рет оянады, күндіз қасынан шықпайды. Үйге келгенде маған жақсы әйел, туысқа жақсы келін болуы керек. Осының бәрін бір адам 24/7 істейді», - дейді ол.

Әріпбай өзге жұмыста ондай қызмет атқармайды, демалысы болады.

«Ал телефонын қолға алса, декретте түк бітірмей отырсаң, осыны істе деген жарнамалар қаптайды. Декреттегі аналарға тиісе бермеңіздерші. Олар түк бітімей отырған жоқ. Олар бізден маңыздырақ жұмыс жасап жатыр», - деп жазды ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар