Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ымыраға келетін жағдайда емеспін…»: Зеленский өз позициясы туралы күтпеген мәлімдеме жасады

12:23, 12 наурыз 2026

Украина Президенті Владимир Зеленский Politico басылымына берген сұхбатында елдегі ағымдағы жағдай, халықаралық саясат және Еуропа елдерімен қарым-қатынас мәселелеріне тоқталды, деп жазады Alash.kz. 

Мемлекет басшысы егемендікті сақтап қалу үшін кез келген ымыраға келуге дайын емес екенін мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, қазіргі таңда Украинаның қорғаныс әлеуетіне тікелей әсер ететін зымырандардың саны шектеулі. Бұл фактор елдің қорғаныс қабілетіне айтарлықтай қиындықтар туғызып отыр. Президент Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуі әлемдік қоғамдастықтың назарын Украинадағы соғыстан басқа жаққа аударып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Оның пайымдауынша, халықаралық серіктестердің басты назары Украинадағы ахуалға бағытталуы тиіс.

Мемлекет басшысы Еуропа лидерлерімен арадағы диалог мәселесіне де тоқталды. Ол Словакия Премьер-министрі Роберт Фицо арқылы Венгрия Премьер-министрі Виктор Орбанды Украинаға кездесуге шақырғанын, алайда келісімнен кейін Орбанның байланысқа шығуды тоқтатқанын айтты. Сонымен қатар, Зеленский Венгрия үкіметі басшысының саяси ұстанымын қатаң сынға алып, оның әрекеттерін Кремльдің саясатымен ұқсастырды.

«Орбан Украинаға дрондармен немесе зымырандармен шабуыл жасамай, әскер жібермегені болмаса, Путин істеп жатқан істің дәл өзін істеп жүр», – деді Украина Президенті.

Сұхбат барысында Зеленский өзінің түпкілікті мақсаты – барлық тарапқа қолайлы ымыра табу емес, елінің Конституциясы мен халықтың тәуелсіздігін қорғау екенін баса айтты.

«Мен бәріне қолайлы ымыра табу туралы ойлайтын жағдайда емеспін, мен конституцияны, елімнің және халқымның тәуелсіздігін қорғауым керек», – деп мәлімдеді ол.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар