Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ильфат Абдуллин садақ атудан Азия кубогінің күміс медалін еншіледі

09 маусым 2024 265
Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында өтіп жатқан садақ ату спортынан Азия кубогінде Қазақстан құрамасының мүшесі Ильфат Абдуллин күміс жүлде иеленді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 
 
Ильфат Абдуллин классикалық садақ атудан құрлық додасының финалына шығып, Оңтүстік Корея спортшысына есе жіберді. Осылайша, маусымдағы маңызды жүлделердің біріне қол жеткізді. 

Орайы келгенде айта кетейік, Ильфат Абдуллин бастаған Қазақстан құрамасы садақ атудан Париж Олимпиадсында бақ сынайды. 

Еске сала кетейік, Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова блокты садақ атудан үшінші орын иеленді.

Сондай-ақ Дәулеткелді Жаңбырбай мен Алина Ілиясова классикалық садақ атудан үшінші дәрежелі нәтиже көрсеткен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?