Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазақстандықтарға көбірек жұмыс істеуге кеңес берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Ол орыс тіліндегі мақалды мысалға алды.
"Не бойтесь больших расходов, бойтесь маленьких доходов" деген сөз бар. Cондықтан сіз көбірек ақша тауып, көбірек (өнім - еск.) өндіруіңіз керек. Азық-түлік себеті мен тұтыну тауарларына тоқталайын. Баға өзгеріп отырады. Өзімізді тауармен қамтамасыз ететін жерде бәсекелестіктің деңгейі жоғары жәна нарықтық деңгейде болады. Сондықтан болжам жасай алмаймыз. Сізге 1,5 жылдан кейін 54 тауар позициясының қалай өзгеретінін айта алмаймын.
Адам өз қажеттілігін толық қанағаттандыра алатын жағдайда әртүрлі себет пен есептеу бар. Мұндай мәселеде кірісті арттыру үшін өндірісті ұлғайту керек", - деді министр.