Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Халық тасып кетпесін, халық тасып...

09:16, 02 сәуір 2024 570

ҚР Жазушылар және журналистер одағының мүшесі Қайырбек Шағыр елде болып жатқан су тасқынына байланысты өзінің толғанысын жеткізді. Саясат сағатының сынына әдебиет әлемі де ренжулі.


"Қалғанда су астында момын жандар,

Ақшаның тасқынына шомылғандар,

Ел басына күн туған мына күнде,

Етікпен су кешуге қорынбаңдар.

 

Уайымдап кедей жүр ғой кредитін,

Өсімқор миығынан күледі итің.

Халықты күнкөріске байлап қойса,

Құл қылу оңайлығын біледі итің.

 

Жарлының мойнына артып айыппұлды,

Жемқорлар ел байлығын ғайып қылды.

Ақшамен бірі басын арашалап,

Шетелге тағы бірі тайып тұрды.

 

Солар ғой жүздеп-мыңдап киік атқан,

Ақшасын казиноға жиі шашқан.

Тәлім жоқ, тамсанатын өнеге жоқ,

Жол таппай жас ұрпақ жүр миы қатқан.

 

Әй, шенді, ақырын жүр, анық басып,

Жасырынбақ ойнама, жарыққа шық.

Су тасыса, сіңеді-ау бір күн жерге,

Халық тасып кетпесін, халық тасып…


Қайырбек Шағырдың өз facebook парақшасынан

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар