Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жеңістің 81 жылдығына орай ресми құттықтау жолдады, деп жазады Alash.kz.
Кремль таратқан ақпаратқа сүйенсек, Ресей басшысы ТМД елдерінің бірқатар президенттеріне де осындай жеделхаттар жіберген. Мерекелік үндеулерде соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, халықтар арасындағы достықтың маңызы атап өтілді.
Құттықтау хаттары Қазақстаннан бөлек Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан жетекшілеріне бағытталған. Сонымен қатар Ресей Президенті Грузия мен Молдова халықтарына да өз ізгі тілегін білдірді. Бұл дәстүрлі құттықтаулар жыл сайын ортақ тарихи дата қарсаңында жолданып тұрады.
Қазақстан Президентінің Мәскеудегі мерекелік шараларға қатысуына қатысты мәселе әлі де нақтыланып жатыр. Кремль жариялаған Парақа қатысушы шетелдік қонақтардың ресми тізімінде әзірге Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі көрсетілмеген.