Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Вице-президент қызметін тоқтатпайды»: Әділет министрі жаңа лауазым туралы мәлімдеме жасады

11:33, 08 мамыр 2026

Қазақстанда жаңадан Президент сайланған жағдайда вице-президенттің қызметі тоқтатылмайтын болады, деп жазады Alash.kz. 

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың түсіндіруінше, бұл лауазым иесінің құқықтық мәртебесі мен атқаратын міндеттерінің өзіндік ерекшелігі бар. Министр вице-президенттің дербес мемлекеттік құрылымды басқармайтынын, тек Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаушы екенін атап өтті.

Вице-президент тікелей Президенттің шешімімен тағайындалады және оның атынан ресми өкілдік қызметті атқарады. Оның негізгі міндеттеріне Мемлекет басшысы жүктеген нақты тапсырмаларды орындау кіреді. Осыған байланысты бұл қызмет саяси науқандардан кейін де өз жалғасын таба береді.

Министрдің сөзіне сүйенсек, аталған лауазым иесінің өкілеттігі жаңа Президенттің келуіне байланысты жойылмайды. Өйткені вице-президент жеке органның басшысы емес, Президенттің саяси бағытын іске асырушы өкіл ретінде жұмыс істейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар