Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

В санатына енді - Министр Ертаев жәрдемақыдан қағыла ма?

13:45, 17 қазан 2026

Брифингте Еңбек министрі Асқарбек Ертаев өз деректерін әл-ауқатты бағалау калькуляторына енгізді, деп жазады Alash.kz.

Мәліметтерін жүйеге жазар кезде оның 1 млн 200 мың теңге жалақы алатыны, ал жұбайының жұмыс істемейтіні белгілі болды. Сонымен қатар, министрдің төрт баласы бар, олардың үлкендері жұмыс істеп, 400 және 600 мың теңге жалақы алады.

Асқарбек Ертаев сонымен қатар Астанада екі пәтері (100 ш.м. үш бөлмелі және 60 ш.м. екі бөлмелі) және «Тойота Камри 50» автокөлігі бар екенін айтты.

Министрдің басқа жер учаскелері немесе бизнесі жоқ.

Барлық деректер жүйеге енгізілгеннен кейін калькулятор Ертаевтың В санатына (ауқаттылар қатарына) кіретінін көрсетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар