Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ұзаққа бармайды. Біздің соққымыз өте қуатты болды»: Трамп әлем күтпеген мәлімдеме жасады

16:05, 03 қыркүйек 2026

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон қажет болған жағдайда Иран аумағына қайтадан «кез келген уақытта» соққы жасауға дайын екенін білдірді, деп хабарлайды Alash.kz. 

Ақ үйде журналистерге сұхбат берген ел басшысы АҚШ Қарулы күштерінің Ормуз бұғазы маңындағы Иран нысандарына жасаған шабуылын «өте сәтті» деп бағалады.

«Кеше түнде біз оларға өте күшті соққы бердік. Олар аз ғана жауап қайтарды, бірақ біздің соққымыз өте қуатты болды», – деді АҚШ президенті.

Сонымен бірге Трамп стратегилық маңызы бар Ормуз бұғазының толықтай Вашингтонның бақылауында тұрғанын жеткізді. Оның сөзінше, су жолы арқылы мұнай танкерлерінің қозғалысы еш кедергісіз жалғасып жатыр.

«Жалпы, бәрі еш қиындықсыз өтіп жатыр. Олар анда-санда дрондарды атып түсіреді, бірақ біздің бұғазды бақылауда ұстап отырғанымыз анық», – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ Дональд Трамп осыған дейін бұғаздың атауын «Трамп бұғазы» деп өзгерту туралы айтқан сөзіне қатысты пікір білдіріп, мұны жай ғана ой-идея ретінде ортаға салғанын түсіндірді.

Сөз соңында Америка басшысы Тегеранның ядролық амбицияларына жол берілмейтінін кесіп айтты.

«Иранның ядролық қаруы болмайды. Менің ойымша, мұның бәрі ұзаққа созылмайды», – деп түйіндеді АҚШ президенті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар