Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұзақ жылдар бойы қазақ елі атынан шығып жүрген спортшы ендігі жерде Қазақстан азаматтығынан бас тартты

09:56, 08 қаңтар 2025 872

Дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах желтоқсан айында ол Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді. Бұл туралы Alash.kz 1bol.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Отгонцэцэг 2015 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсете бастады. Ол Рио Олимпиадасының қола жүлдегері.

Сондай-ақ, әлем чемпионаттарында екі рет үшінші орын алған. Азия чемпионы. Гранд Слэм, Гран При жарыстарында бірнеше рет топ жарды. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері.

Отгонцэцэг Галбадрах Токио Олимпиадасынан кейін мансабын аяқтап, Монғолия астанасы Ұланбатыр қаласына көшіп кетті. Осында Winner judo, sport club клубын ашқан. Қазір жас дзюдошылар дайындайды. Шәкірттері халықаралық жарыстарда күресіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар