Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Үстірт қарамау керек». Маңызды! Ақмарал Әлназарова өзекті мәлімдеме жасады

12:25, 07 маусым 2026

Жамбыл облысында ағымдағы жылдың алғашқы төрт айында ғана босанған үш әйелдің көз жұмуы аймақтағы денсаулық сақтау саласының сапасына қатысты наразылықты арттырып отыр, деп хабарлайды Alash.kz. 

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірдегі медициналық қызмет көрсету деңгейіне байланысты тұрғындардан түсетін шағымдардың тым көбейіп кеткенін мәлімдеді. Министр жүкті әйелдер мен жас аналардың күтіміне жауапты барлық мамандар мен медициналық ұйымдардың жұмысын қатаң сынға алып, олқылықтар жойылмаса, мекеме басшылары жеке жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Айта кетейік, бұған дейін аймақ тұрғындары тарапынан емшара бөлмелерінің жұмысына да жаппай шағымдар түсіп, нәтижесінде заңды құжаттары жоқ әрі сапасыз қызмет көрсеткен 90-ға жуық медициналық пункт жабылған болатын.

Жиын барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өңірдегі қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты өз сөзінде мынадай ресми мәлімдеме жасады:

«Босандыруға көмектесетін барлық ұйымдар тексерілетініне қарамастан, халықтың медициналық көмек сапасына қатысты өтініштері мен шағымдарының саны әлі де жоғары. Ана өлімінің әрбір жағдайы егжей-тегжейлі талдауды және жүйелі шешімдерді  талап етеді. Маршруттау, кадрлармен қамтамасыз ету және жүкті әйелдерді бақылау мәселелеріне үстірт қарамау керек, керісінше барлық кезеңдерде пациенттерді толыққанды сүйемелдеу жүйесін құру қажет».

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар