Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ұстаздық қолдауыңызды ерекше бағалаймын»: Елдос Сметов бапкерін туған күнімен құттықтады

17:44, 13 тамыз 2024 767

Бүгін Париж олимпиадасындағы ең олжалы бапкер Ғалымжан Жылгелдиевтің туған күні, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов өзінің инстаграм парақшасында бапкерін ерекше тілекпен құттықтады. 

Қадірлі, Ғалымжан аға!

Мерейлі мерекеңіз құтты болсын!

Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, ел спортындағы ерен еңбегіңізге абырой тілеймін!

Ұстаздық, ағалық қолдауыңызды ерекше бағалаймын, өзіңізге деген құрметім шексіз!

Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын!

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?