Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұстаздардың алғысына бөленіп, мектеп жағдайын реттеген Аймағамбетовтың бүгін туған күні

14 маусым 2024 1332

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Асхат Қанатұлы АЙМАҒАМБЕТОВ мырзаның туған күні, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы. 

Депутат Қарағанды облысында туған. 2003 жылы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2006 жылы Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры,

2006-2012 жылдары Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған.

2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары, 2014-2017 жылдары Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы лауазымында болды.

2017-2019 жылдары ҚР білім және ғылым вице-министрі, 2019 жылы Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2019-2022 жылдары

ҚР Білім және ғылым министрі, 2022-2023 жылдары ҚР Оқу-ағарту министрі болды. 2023 жылы М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінің оқытушысы қызметінде болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?