Ұстаздар күні құтты болсын! Alash.kz ұлттық порталы Ұстаздар күніне арналған ең үздік 15 тілекті ұсынады.
***
Ұстаз аты - Ұлылық!
Құрметті ұстаздар қауымы! Біздің көңіл көкірегімізге сәуле құйып, биік белестерге жетелеген баршаңызды Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің мейіріміңізбен біздің бала арманымыз биіктерге қанат қағып, жандүниесін нұрландырып, жүрегімізге шапағат нұрын төгіп келеді. Кез келген шәкірт ұшан-теңіз білім жолына жетелеген ұстазын мақтан тұтады, ұстазының кәсіби тұлғасымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны» деп сіздерге айтылған теңеулер бекер тумаса керек. Ұстаз атаулыға құрмет дарытатын мұндай тілектердің шетсіз де, шексіз екені белгілі. Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сәттілік тілейміз! Әрбір шәкірт жүрегіне жол таба білген қастерлі қажыр-қайратыңыз белестерге жетелеп, ел сүйіспеншілігіне бөлене беріңіздер!
***
Ардақты ұстаздар қауымы!
Сіздерді бүгінгі келіп жеткен Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаздар қауымы әрбір шәкірт үшін білім сарайының құлпын ашып, мектеп өнегесін өмір өнегесімен ұластырды. Шәкірт үшін, біз үшін, сіздің әрбір айтқан дерегіңіз, әрбір сабағыңыз, кеңесіңіз бен ақылының баға жетпес асыл қазына. Сол қазынамен бойына ілім жиған барша шәкіртіңіз еліміздің дамуына үлес қосып, биік белестерді бағындырып, еңбегіңізді ақтап келеді. Өмірімізге мән үстеген кәсіби тұлғаңыздан тағылым алып, әлі де кемел келешектің құрылысын қалауға біз дайынбыз. Сіздердің мейірімділігіңіз бен даналығыңыз үшін алғысымыз шексіз! Меншікті мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті болсын, отбасыларыңызға бақыт пен береке тілейміз!
***
Біздің сүйікті асыл ұстаздар!
Бүгінгі мерекеде біздің де көңіліміз биіктеп, жанымыз ерекше жадырап отыр. Дәл осы ғажап күнде барша шәкірт атынан сіздерге шексіз алғыс білдіргіміз келеді. Сіздер бізге білімнің ең асылын үйреттіңіздер, ғылымның беймәлім сырын аштыңыздар. Мектеп өнегесі сіздермен тікелей байланысты. Мектептегі жылдарымызда сіздерден тәлім алып, көп дүние игердік. Шәкірттік кезең сіздердің қамқорлықтарыңыз бен бағыттауларыңыздың арқасында есте қаларлықтай болды. Сіздердің асыл қасиеттеріңіз біз үшін қашан да темірқазық, сіздердің даналықтарыңыз бен сабырлылықтарыңыз бізге өмірлік үлгі. Ұстаздар күні құтты болсын, өмірлеріңіз шуақты, бақ пен берекеге толы болсын!
***
Қымбатты да қадірлі ұстаздарымыз!
Сіздермен өткен әрбір сәт біз үшін асыл байлықты еншілегенмен бірдей. Сіздердің берген білімдеріңіз біздің жан дүниемізді кемелдендіріп, жан-жақты болуға әсер етті. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен мейірімді жүректеріңіз үшін шексіз алғыс айтамыз. Біз үшін сіздер мектеп қабырғасында ғана емес, өмірлік ұстазсыздар! Өйткені, сіздер өмірде дұрыс жол таңдауға, адамгершілік қасиеттерді бағалауға үйреттіңіздер. Әрбір шәкіртіңіздің жетістігі – сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Мерекелеріңіз құтты болсын, дендеріңіз сау, көңілдеріңіз биік болғай!
***
Ұстазым, сізге мың алғыс!
Ең алғаш киелі алтын ұямыздың табалдырығын аттаған күннен бастап бізге өмір атты даңғылда жетелеп жүрдіңіз. Әрбір шәкірт жанын аялап, қамқорлық көрсетіп, білімнің тереңіне мен ең асыл бастауына жетеледіңіз. Сіздің дәрісіңізде пайдалы ақпарат бөлісіп, ой алмасып, пікір алмасып, ғажап кездерді бастан өткердік. Сіз өз біліміңізді шәкірт бойына дарыту арқылы біздің ой-өрісімізді кеңейттіңіз. Сізге деген құрметіміз бен алғысымыз шексіз. Ұстаздар күні құтты болсын, еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, өміріңіз бақ пен бақытқа толы болсын!
***
Құрметті білім беруші ұстаздар, ең керемет педагогтар!
Сіздерді бүгінгі келіп жеткен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздердің әрбіріңіз біздің білім беру саласына өлшеусіз үлес қосып, ел дамуына атсалыстыңыздар. Сіздер балаларға тек білім ғана емес, өмірге деген көзқарас қалыптастыруды, рухани құндылықтарды бағалауды үйреттіңіздер. Сіздердің арқаларыңызда ұрпақтарымыз болашаққа сеніммен қарап, үлкен жетістіктерге жетіп жатыр. Елдің дамуы, өңірдің дамуы ұстаздарға тікелей байланысты. Сіздердің кәсіби қызметіңіз ең бағалы қызмет! Мерекелеріңіз құтты болсын, еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз мәнді болсын!
***
Ардақты мұғалімдер, асыл ұстаздар!
Сіздердің бала жүрегіне ұялаған ізгіліктеріңіз бен білімдеріңіз өмір бойы бізге бағдаршам болмақ. Сіздердің берген білімдеріңіз бен көрсеткен үлгілеріңіз еліміздің жарқын болашағының негізі, жастардың келешекке қадам басуына үлгі-өнеге. Сіздердің әрбіріңіз ең биік марапат, ең айрықша құрметке лайықсыздар! Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Ұстаздар күні құтты болсын!
***
Қымбатты ұстаздар!
Бала шәкірт көңілінде сіздерге деген құрмет айрықша. Шәкірт өміріндегі әрбір сәулелі сәт - сіздердің еңбектеріңіздің айқын дәлелі. Білім жолына нық қадам басқан әрбір талапкер сіздердің арқаларыңызда білім алып, өмірде өз орнын тапты. Сіздердің мейірімдеріңіз бен даналықтарыңыз, даралықтарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Мерекелеріңіз құтты болсын, еңбектеріңіз жемісті болсын!
***
Ұстаздарға мың алғыс!
Сіздер біздің өмірімізде ерекше орын алып, маңызды рөл атқардыңыздар. Білімге деген құштарлығымызды оятып, өмірде дұрыс бағыт таңдауға көмектестіңіздер. Сіздердің арқаларыңызда білім тұңғиығына терең бойлап, таным көкжиегін кеңейттік. Өмір сырын танып, өркендеу мен өрлеудің шырағын жақтық! Ұстаздар күні құтты болсын, еңбектеріңіз бағаланып, құрметке бөлене беріңіздер!
***
Құрметті ұстаздар!
Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің шәкірт санасын серпілтіп, бала бітіміне ұялатқан білімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз еліміздің дамуына қосылған ерекше серпін. Сіздердің еңбектеріңіз ешқашан ұмытылмайды, әрбір шәкірт жүрегіне орнығып, ғасырлардан ғасырларға жасайды. Мерейлі мерекеде дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман, еңбектеріңіз табысты болсын!
***
Мұғалім — мамандық, ұстаздық — қасиет. Яғни, ұстаз болу — адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.
*** *** *** ***
Ел игілігі үшін еңбекпен етене араласып, жарқын болашаққа қарымды қадам жасаған ұлағатты ұстаздың өмірі қиындық пен қуанышқа толы.
*** *** *** ***
Ұстазы жақсының — ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.
*** *** *** ***
Ұстаздар күні — бұл дәстүрлі әрі бүкілхалықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұламалардың да ұстазы болған, сондықтан болар осы абыройлы міндетті атқарып жүргендерді халқымыз әрқашан ерекше құрмет тұтқан. Ұстаздың әр адамның жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үйреткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем болар.
"Ұстаз" сөзінің өзі "Отан", "Ар", "Адамгершілік" сияқты қасиетті ұғымдардың қатарынан орын тебуінің өзінде үлкен мән жатыр.
Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда, құрметті ұстаздар! Білім берудің күрделі міндеттерін рухани бай, педагогикалық дарыны бар, шығармашылық, кәсіби тәсілдерді жетік меңгерген және жаңалыққа құштар жан-жақты тұлға ғана шеше алады. Сіздердің осы бағыттағы еңбектеріңіз жана берсін! "Ұстаз бақыты — озып туған шәкірті" десе, аттарыңызды Ай-әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін!
***
Казакша куттыктау тилек мугалим устаз куни, поздравления на казахском языке на день учителя, Жас ұстазға тілек, жас ұстазға құттықтау, жас ұстазға құттықтау тілек тилек, ұстаздар күніне тілектер, мұғалімдер күні құттықтау сөз тілек, 5-қазан мұғалімдер күні, 5 қазан — ұстаздар күні тілек құттықтау сөз, ұстаздар күніне арналған құттықтау сөздер, мұғалімдер күніне арналған құттықтау сөздер, устаздар кунине арналган куттыктау создер, мугалимдер кунине арналган куттыктау создер