Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үсік жүреді - Қазақстанның кейбір аймақтарында ауарайы күрт өзгереді

10:36, 17 қазан 2026

Алдағы күндері Қазақстанның төрт өңірінде түнде ауа температурасы -1...-8°С-қа дейін төмендеп, үсік жүруі күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады, деп жазады Alash.kz

Үсік Алматы және Жетісу облыстарында, Жамбыл облысының батысы мен шығысында, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігінде болжанып отыр.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және қиыр батысында атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы тұрақсыз болады. Батыста жаңбыр жауып, найзағай ойнаса, солтүстік пен шығыста жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Еліміздің қалған аумағында кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұруы ықтимал. Түнде және таңертең кей өңірлерде тұман түседі.

Бұдан бөлек, бірқатар облыста жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Жоғары өрт қаупі Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жетісу, Қызылорда және Қостанай облыстарының кей аумақтарында болжанады.

Ал төтенше өрт қаупі Қызылорда, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Ұлытау облыстарының бірқатар бөлігінде сақталады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар