Депутат Ермұрат Бәпи Алматы-Пхукет бағытына ұшу барысында медициналық көмекке жүгінді.
Әуе кемесінің экипажы жолаушының денсаулығының нашарлауына байланысты шұғыл көмек көрсетті. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп хабарлайды.
Парламент Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи Алматыдан Пхукетке ұшқан кезде қан қысымы күрт түсіп, ауырып қалды.
Әуе кемесінің экипажы дереу қажетті медициналық көмек көрсетті. Жолаушылар арасында депутаттың қан қысымын өлшеген дәрігер болған. Ал стюардессалар оның жағдайын тұрақтандыру үшін кофе ұсынған.
Ермұрат Бәпи жағдайы тез қалпына келіп, өзін жақсы сезінетіні жеткізді.
"Уайымдаудың қажеті жоқ. Қорқатындай нәрсе болмады. Шұғыл арада қону туралы әңгіме болмады”, – деді депутат.
Ұшақ маршрутты сәтті аяқтап, Пхукет әуежайына кешікпей, өз уақытында жетті.