Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ұшақ апатынан қаза тапқан әзірбайжандықтар өлімінің өтеуі - Ресейдің мойнында!" - Ильхам Әлиев

16:17, 06 қаңтар 2025 1176

Әзірбайжан азаматтарының өлімі Ресейдің мойнына жүктеледі (Ақтаудағы ұшақ апаты - ред.). Біз әділдікті талап етеміз, кінәлілерді жазалауды талап етеміз, толық ашықтықты талап етеміз, - деді Әзірбайжан президенті. 

ӘЗІРТАДЖ хабарлағандай, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев бұл туралы ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж отбасымен және тірі қалған бортсеріктермен кездесуінде айтты.

Сонымен қатар, қара жәшіктерді декодтау процесі жүріп жатқанын еске салды.

Жақын арада біз алдын ала нәтижені білетінімізге және бәрі өз орнына келетініне сенімдімін, болған қайғылы оқиғаның барлық жай-жапсары белгілі болады", - деді Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар