Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі ресми парақшасында көп әйел алу мәселесіне қатысты пікір білдіріп, оқырмандарын таңғалдырды, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі өз жазбасын екі әйел алу идеясына түбегейлі қарсылық білдіргендей бастап, желі қолданушыларының назарын аудартты. Алайда сөз соңында ол ойын күрт өзгертіп, бұл тақырыпты әзілге бұрды:
«Екі әйел алу деген не сұмдық! Үш әйел, төрт әйел алуға да мүмкіндік бар емес пе?!» — деп жазды әнші Төреғали Төреәлі.
Бұл күтпеген жазба әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, түрлі пікір тудыруда.

