Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үш тіл біледі: Аяғы құрттап, жантүршігерлік жағдайды өмір сүрген кейуананың маугли ұлдары туралы тың дерек шықты

11:34, 04 шілде 2024 1189

Аяғы құрттап кеткенше жантүршігерлік жағдайда өмір сүрген 72 жастағы кейуана мен оның 2 ұлы туралы тың дерек шықты, - деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Jambylinfo порталына сілтеме жасап.

Тасада қалған отбасының жағдайы өте нашар. Ағайынды 2 жігіт үйдің ішінде дәрет сындырады екен. 

"Алғаш келгенде адам шошырлық хәлдегі үйді көрдік. Қолдан келгенше қаражат жинап, ас ауқатын әперіп, үйін жиыстырдық. Ағайындылардың шаштары өсіп кеткен, иістері жиіркенішті. Жуындырып, адам қалпына келтірдік. Аналары аяғы ауырып, төсек тартып жатып қалғаннан соң, екі ұлы қараусыз қалған. Бұл отбасыға қайырымды жандар көмектеседі деген үміттеміз", - деді еріктілердің басшысы Виктория Колченко.

72 жастағы кейуананың 2 баласы да қоғаммен араласудан қалған. 

"Мына диванда анам таңға дейін отыратын. Жатуға мұршасы келмейтін. Аяғы қатты ауырғандықтан, мазасы кетіп, аласұратын. Қазір ауруханада жатыр. Неше жыл бойы тамақты мен дайындап жүрдім. Негізі табылғанын талғажау етіп жүрміз", - деді ағайындылардың үлкені  Ваня.

Олар мектепте жақсы оқығандарын айтты.

"Інім Саша сөйлей алмайды, өзі әзер жүр. Мен қалада бір интернатта 9 сынып оқығанмын. Інім 15 жасқа дейін мектепті үздік оқып, озат оқушылардың қатарынан көрінді. Зеректігі сондай үш тілді меңгеріп алған еді. Сурет салудың шебері болатын. Иконалардың суретін айнытпай салып жүрген соң, бір күні анам  оны шіркеуге алып барды. Содан бері не болғаны түсініксіз, әйтеуір адам танымастай өзгерді. Ақылынан алжасқаны сонша адамдардан қорқады, бұғып отырады да қояды. Сөйлемей де қалды. Қазір 42 жаста", - дейді 44 жасар Ваня.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар