Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үш рет өңір әкімі болдым" - Қанат Бозымбаев Алатау қаласының әкімі бола ма?

14:43, 20 наурыз 2026

Алатау қаласының болашақ әкімі кім болады деген сауал қызу талқыланып жатыр. Бүгін 20 наурыз парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев осыған қатысты ресми пікір білдірді, деп жазады Alash.KZ.

Журналистер «Алатау қаласына әкім болу туралы ұсыныс түсті ме?» деп сұрады.

«Маған ондай ұсыныстар түскен жоқ. Мен үш рет өңір әкімі болдым. Енді жастарға жол беру керек», – деп қысқа қайырды Бозымбаев.

Қанат Бозымбаев бұған дейін Жамбыл, Павлодар және Алматы облыстарын басқарған тәжірибелі саясаткер.

Еске сала кетейік, Астана мен Алатау қалаларының мәртебесі арнайы конституциялық заңдармен бекітілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар