Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Үш қыз өзара келісе алмай қалып аялдаманы бұзған". Шымкентте үш адам автобус аялдамасының тас-талқанын шығарды

10:00, 04 сәуір 2026

Шымкент қаласында жанжалдан кейін автобус аялдамасын бүлдірген үш жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Бұл туралы Alash.KZ хабарлады. 

Оқиға таңғы сағат шамамен 06:00-де болған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, өзара келіспеушілік салдарынан үш қыз аялдама павильонының шыныларын сындырып, нысанға зақым келтірген.

Күдіктілер бейнебақылау камералары арқылы жедел анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Полицияның хабарлауынша, олардың барлығы ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, олармен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Құқық қорғау органдары әрбір заң бұзушылыққа тиісті құқықтық баға берілетінін және кінәлі тұлғалар заң аясында жауапқа тартылатынын ескертті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

ХҚКО-лар жабыла ма?

21:02, 03 сәуір 2026