Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үш айдың ішінде балаға зорлық көрсеткен 5000 өтініш түсті: 600 жұп ата-ана құқығынан айырылды

18:49, 25 сәуір 2024 621

Әлеуметтік желіде белгілі "Қазақстан ата-аналар одағы" қоғамдық бірлестігі елді алаңдатып жүрген мәселелердің бірін талқыға салды.Бұл туралы Stan.kz мәлімдеді. 

2024 жылдың ақпан айында ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитетінің басшысы Әсет Оспанов республика бойынша 6 мың ата-ана есепке алынып, 12 мыңы әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын, 600-і ата-ана құқығынан айырылып, 340-ы шектелген.

Еріктілер осы мәселеге қатысты бірнеше оқиғаны мысалға келтірді. Бала 6 ай бойы Алматы облысы Әли ауылының жанындағы полигонда тұрған.

Патронаттық тәрбиеден қашып кетіп, анасының ұрған туралы хабарлаған. Оқушы бала 6 ай бойы мектепке де бармаған. Оған мұғалімдер де, қамқоршылар да алаңдамаған. 8 жасар баланың өгей әкесі оны ұрып-соғып, қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Асырап алған анасы үшінші баласына аяғы ауыр болып үнсіз қала берген. Тіпті күйеуінің бұрын кісі өлтіргені үшін 20 жыл жаза өтеуі әйелді алаңдатпаған.

Таяуда ғана бұл мәселеге қатысты іс қозғала бастады. Алматы облысының прокуратурасы, мектептер, қамқоршылық органдары, психологтар балалардың қауіпсіздігі күмәнді отбасыларды тексеруге бастама көтерді. Үш ай бойы тексерілген істе 170 бала анықталды. Олардың жартысы көбі қазірдің өзінде алкоголь мен есірткі тұтынған. Енді пилоттық жобаны республика көлемінде қолдану туралы шешім қабылданып отыр.

"Әділ" қоғамдық қорының жетекшісі Оксана Маралова балалардың салған суреті маңызды рөл атқаратынын айтады. Осылайша, мектеп оқушыларына отбасының суретін салу ұсынылып, кейін олар жұмысты психологтарға көрсетті.

"Бізге үш айдың ішінде балаларға зорлық-зомбылық көрсеткен бес мың оқиға келіп түсті. Бір қызды ауылдан ақша табуға келген анасының туысы зорлап кеткен. Тағы біреуін түнде жатақханадағы көршісі қолмен ұстап алып, баланың бөлмесіне кіріп кеткен. Кейбіреуінің анасы қызына "өтірік айтпа!" десе, енді бірінікі "қызын бір бөтелке үшін еркектердің қойнына салып бергені" туралы айтқан", – деп түсіндірді ерікті.

Оксана Маралованың айтуынша, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа жіберілген 100 істің үшеуі ғана қаралады екен. Қалғандары одан әрі өндіріске қамауға алуға жіберілді дейді ерікті.

"Қамқоршылық ұйымдарының сөзінше, бұл ата-аналар жөнге келген. Шындығында, әлеуметтік қызметкерлер бұл отбасыларға бармайды. Керісінше, қамқоршылық ұйымдарының "арқасында" балаларды өлтіру және зорлау фактілері көбейіп жатыр. Ата-аналар уақытында істі қозғамайды. Мысалы, 2023 жылы қараша айының соңында Қаскелеңде алкогольдік интоксикациядан нәресте көз жұмды. Есірткі тұтынатын ананы үш айлық баласымен емін-еркін қалдырып кете берген", – деді Оксана Маралова.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар