Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ұрып-соғып, әбден тоздырып жіберген»: Текеліде күйеуін өлтірген көпбалалы ананың көршілері оқиғаның мән-жайын айтты

18:39, 18 маусым 2026

Жетісу облысының Текелі қаласында ер адам пышақ жарақатынан көз жұмды, күдікті – марқұмның әйелі. Әйелге араша сұраған көршілері оқиға жайлы журналистерге айтып берді, деп жазады Alash.KZ 

Күдікті деп танылған әйелдің есімі – Лидия, жасы – 45-те.

«Мен Лидияның жақын көршісімін. Қаншама жылдан бері қатар тұрып келеміз. Лидия өте жақсы адам, кісімен жанжалдасқанын көрген емеспін. Бес баласын бағу үшін кез келген жұмысты күн демей, түн демей істей беретін. Қаншама жыл болды, күйеуі үйде ылғи жанжал шығаратын. Мен қаншама куә болдым. Күйеуінен қашып-пысып жүретін», - дейді көршісі.

Олардың айтуынша, Лидия еңбекқор ғана емес, көмек керек адамның бәріне жанашыр, мейірімді жан. 

«Лидияны ұрып-соғып, жан таптырмай, әбден тоздырып жіберген. Оның сөзін сөйлеп, күйеуіне басу айтсақ, «дымыңды өшір, үйіңмен қосып өртеп жіберем» деп қорқытатын», - дейді тағы бір көршісі.

Jқиға 10 маусымда түнде болған. Полиция қылмыстық іс қозғады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар