Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“ҰҚШҰ-дағы қызметі аяқталады”. Иманғали Тасмағамбетовтің орнына кім келетіні белгілі болды

20:24, 25 қараша 2025 169

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің орнына кім келетіні белгілі болды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың хабарлауынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің орнына Қырғызстан өкілі Таалатбек Масадыков тағайындалады. 

"27 қарашада Бішкекте өтетін ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңесінің сессиясына бас хатшы Иманғали Тасмағамбетов те қатысады. 1 қаңтардан бастап оның ҰҚШҰ-дағы қызметі аяқталады. 

Оны қазіргі кезде ҰҚШҰ бас хатшысының орынбасары қызметін атқарып отырған Қырғызстан өкілі Масадыков мырза алмастыратыны белгілі болды", - деді Юрий Ушаков.

Естеріңізге сала кетейік, Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы лауазымына 2023 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар