Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

ҰҚК ұстаған Оңтүстік Кореяның 14 азаматы немен айналысқан?

19:35, 30 шілде 2026
 

23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті халықаралық тергеу аясында Қазақстан аумағында Оңтүстік Кореяның 14 азаматын қолға түсірді, деп жазады Alash.KZ

Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында телекоммуникациялық жүйелер арқылы алаяқтық жасады деген күдікке ілінген.

Өз еліндегі құқық қорғау органдары бұл азаматтардың үстінен осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр.

ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту барысында заңсыз әрекеттерге қолданылған компьютерлер, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылған.

Қазіргі уақытта ұсталған шетелдіктер тиісті құқықтық шараларды жүргізіп, кейіннен өз еліне депортациялау үшін уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар