Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Үндемейтін жуас адамдардан қорқу керек»: Атыраудағы трагедия күдіктілерінің бұрынғы көршісі пікір білдірді (ВИДЕО)

17:13, 12 наурыз 2026

Атыраудағы қанды оқиғаға күдікті деп танылған Сұлтан мен Ақбаянның бұрынғы көршілері пікір білдірді, деп жазады Alash.kz.

КТК арнасының Атырау облысындағы тілшісі Жанат Молдашеваға оқиға болған үйде осыдан үш жыл бұрын көрші тұрған әйел хат жазған. Келіншектің айтуынша, 2023 жылы көрші тұрған Сұлтан мен Ақбаянның отбасы сырт көзге өте жуас, қарапайым әрі жинақы болып көрінген.

Көршілері Ақбаянның тазалыққа құмар болғанын, жұма сайын көршілеріне бауырсақ пісіріп беретінін еске алады. Тіпті, Сұлтанға кішкентай балаларын сеніп тапсырып кететін кездері болған.

Көршісі: — Саламатсыз ба! Біз 2023 жылы сол үйдің екінші жағын жалдап тұрдық. Сұлтан мен Ақбаян біздің көршіміз болды. Олар көшіп келгеннен кейін екі ай өткен соң, біз басқа жаққа кетіп қалдық. Қазіргі жаңалықтарды көріп, қатты қорқып отырмыз. Бізді бір Алла сақтап, уақытында көшіп кеткен екенбіз. Олар бізге өте жуас отбасы болып көрінген еді. Сұлтанның Наурыз есімді ағасы да келіп тұратын, оны да көріп жүрдік.

Сұрақ: — Қайырлы кеш! Жақын араластыңыздар ма?

Көршісі: — Иә, жақсы араластық. Жұма күндері бауырсақ, пирожки пісіріп, бізге әкеліп беретін. Бізден стол алып тұратын. Тоңазытқыштары болмай, біздің үйге еттерін салып жүрді. Ақбаянның мінез-құлқынан ешқандай оғаштық байқалмады, өте таза, үйін жинап, ақтап жүретін еді.

Сұрақ: — Марқұмдар ата-анасымен араласып тұрды ма?

Көршісі: — Иә, Ақбаянның анасы келіп, балаларын қарасып жүретін. Оны да, ағасы Наурызды да жиі көретінбіз.

Сұрақ: — Сұлтанның мінезі қандай еді? Жолдасыңыз онымен жақын араласты ма?

Көршісі: — Сұлтан да өте жуас бала болатын. Тіпті жолдасым түнгі ауысымда жұмыс істегенде: «Екі кішкентай ұлым мен қызым үйде жалғыз қалады, Сұлтан, қарап қойшы», — деп оған сеніп тапсырып кететін. Ол кезде үй жалдау бағасы қолжетімді болған соң тұрдық. Кейін жолдары батпақ болғасын, 2023 жылдың жазында көшіп кеткен едік. Қазір ойлап отырсақ, «үндемейтін жуас адамнан қорқу керек» деген рас екен. Адамнан қорқатын заман болды ғой.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар