Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Үн шығармай күтуге тура келді: Тамара Асар жеті күн ішінде қалай тұрмысқа шығып кеткенін баяндады

14:20, 06 қараша 2024 1458

Тамара Асар үйлену тойына бес адам, құдалыққа алты адам қатысқанын жасырмады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Танысар сәтте "қандай әдемі әйел, мына әйелге мен үйленем" деп айтып қалған сөзінің соңынан жеті күнде келіп, неке сақинасын салып тұрып, ұлым Қамбарға офлайн яғни қасымда отырып, әкем тірі кезі еді, оған онлайн видео қоңырау шалып "Біз үйленіп жатырмыз" деді. Әкем рұқсатын берді”, – деп әңгімесін бастады әнші. 

Эстрада жұлдызының сөзінше, көп ұзамай әкесі дүние салып, анасы тойды жасауға рұқсат бермеген көрінеді. 

“Сосын әкем көп ұзамай қайтыс болды. Үн шығармай күтуге тура келді. Пандемия басталып кетті. Сосын жар салып жария қылмадық. Анамның талабы солай болды. Некеміз Ақшұқырда әкемнің шаңырағында қиылды. Менің туыстарым да, оның туыстары да,бірге жанында жүрген дос-жұмыстастары да бұл жайында білмеді. Тойымыз бес адаммен, құдалығымыз алты адаммен өтті. Тіл-көзден, кесе көлденеңнен аман болсын отбасымыз. Шүкір", – деп жазды Тамара Асар

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар