Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ұлытау облысында шахтадағы апаттан қаза тапқан кеншінің туыстары компания басшылығын кінәлайды

09:20, 20 ақпан 2025 565

“Жомарт” кенішіндегі апатта ажал құшқан Бақытбек Жұмаділлаевты жақындары ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның Түркістан облысынан Қарағандыға қатынап жұмыс істеп жүргеніне жиырма жылдан асқан. Бақытбектің артында кәмелет жасына толмаған 4 баласы мен келіншегі қалды.

 

Әйелінің айтуынша, марқұмның зейнетке шығуына бес жыл ғана қалған екен. Бейнетінің зейнетін көрер шақтағы оның қазасын жақындары басшылық салғырттығынан көреді.

Бақытбек отбасының жалғыз асыраушысы болған. Әкесінің жұмыстан келуін күтіп жүрген ұлдары әлі оның ажал құшқанын білмейді. Туыстары Түркістан облысының әкімдігі 1 миллион теңге табыстағанын мәлімдеді. Қара жамылған отбасы баспанадан да бас бартпайтынын айтып отыр. Өйткені, шахтер отбасы Түркістан қаласындағы аядай үйде күнелтіп келеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар