Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ұлының оқу ақысын қызметкерлеріне төлеткен". Қызылордада "қызметкерлерін қанаған" бұрынғы басқарма басшысы сотталды

14:40, 18 қыркүйек 2024 765

Қызылорда облысында кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дінмұхаммед Әбсаттаров өз қызметкерлеріне ұлының оқу ақысын төлеткен. Шенеунік бұл әрекеті үшін сотталды, деп хабарлайды  Alash.kz ұлттық порталы.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ол бизнес өкілдеріне ұлының оқуына 1,4 млн теңге сомасында ақы төлетіп, құны 6,8 млн теңге дизель отынын беруге мәжбүрлеген. Дінмұхаммед Әбсаттаров заңсыз нұсқаулар беріп, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

Бұдан бөлек, шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеп, бизнес субъектілеріне 26,9 млн теңге сомасында залал келтірген. Осылайша ол заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасағаны үшін де сотталды.

“Әбсаттаров мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына және 9 ай бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ мемлекеттік награда "Ерен еңбегі үшін" медалінен айыру туралы ұсыныс енгізілді”, – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Дінмұхаммед Әбасаттаров 2020 жылдың ақпан айынан бастап "Қорғас" ШЫХО Басқарушы компаниясында басшылық қызметте болды, 2021 жылдың сәуір айынан бастап "QazExpoCongress" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болса, 2023 жылдың желтоқсанынан 2024 жылдың маусымына дейін Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасын басқарды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар