Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Ұлына Кенесары деп ат қойғандарға 400 мың теңге жергекпұл беріледі” - Белгілі журналист маңызды бастама көтерді

17:50, 15 ақпан 2026

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай наурыз айында дүниеге келетін сәбилердің арасынан ұлына Кенесары есімін қойған алғашқы он отбасыға 400 мың теңге көлемінде жергекпұл берілетінін хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Оның сөзінше, өзі басқаратын компания Ұлыстың ұлы күні қарсаңында осындай игі бастаманы іске асырмақ.

Достар, алда наурыз айы келе жатыр. Әз- Наурыз. Осыған орай “Аламан” компаниясының атынан бір шараны қолға алмақпыз. Ұлына Кенесары деп ат қойған он сәбиге 400 мыңнан жөргекпұл береміз. 

Ол үшін төменде көрсетілген номердің вацабына баланың туу туралы куәлігін жіберулеріңіз керек. 

Баласына Кенесары деп ат қоятын ықыласты адамдар көп болуы мүмкін. Сондықтан алғашқы он адамға сыйақы беріледі. Болашақ Кенесарылар наурыз айында дүниеге келуі керек. Осындай қарапайым шарт. 

Енді Кенесары деген есімге келсек. Бұл есім әр қазақ үшін аяулы һәм ардақты. Азаттық жолында опат болған қаһарман. Орыс империясына қарсы тұрған батыр. Орыстың зеңбірегіне  кылышпен шапқан қасқыр жүректі Ер. 

Еркін өмір үшін жанын қиған асыл ердің есімін жаңғыртайық. Біздің ниет осы.

Байланыс нөмірі: 8771 236 77 04”, - деп жазды Нұрсейіт Жылқышыбай.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар