Әнші Мадина Сәдуақасова не себепті АҚШ визасын алғанын айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«АҚШ-қа көшпейтінім анық. Шетелге тек қыдыруға барамын. Көшіп кету туралы ойым мүлдем жоқ, ешқашан да болмаған. Өзімді патриотпын деп есептеймін. Ұлым баскетболға өте құмар. Оның ең үлкен армандарының бірі – АҚШ-тың баскетбол құрамасының ойындарын өз көзімен көру. АҚШ баскетболдың отаны ғой. «Баскетбол ойынын сол жақта көргім келеді», – деп айтады. Бұл ең алдымен Әнуарымның арманы деп білемін. Мен виза алмас едім Менің визам 10 жылға жарамды, сондықтан сол мерзім ішінде қалаған уақыттымызда Әнуар екеуміз бара аламыз. Жолдасым да режиссер болғандықтан, отбасымызбен бәріміз виза алып, тек барып, қыдырып қайту ойымызда бар. Болды»,- деді әнші Жетінші арнаның “Жарқыраған жұлдыз” жобасына берген сұхбатында.